Қант өндірісі 250 мың тоннаға жеткізіледі

Елде алдағы 5 жылда жыл сайынғы қант өндірісі 250 мың тоннаға жеткізіледі. Ал импорт 17 процентке дейін төмендейді. Оған саланы дамытудың кешенді жоспары өзек болмақ. 

Отандық қант қызылшасы көбірек өңделеді

Елде жыл сайын 532 мың тонна қант желінеді. Биылғы тапшылыққа қарап, тұтыну үлесі артып кетті деуіміз қате. Себебі, тәтті өнімге сұраныс Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде артқан. Ал салаға қолдау қажет-ақ. Өйткені шикізаттың көбін сырттан аламыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өндірісін дамытудың кешенді жоспары қолға алынғанын хабарлады. Оған сай қант қызылшасы алқабы кеңейтіледі. Суармалы жерлер бөлінеді. Суды үнемдеудің тың технологиясы игеріліп, өнімді өңдеу жетілдіріледі. Ең бастысы, жаңа зауыттар салу көзделіп отыр. Жоспар жемісті болса, отандық қант қызылшасынан жыл сайын 250 мың тонна қант алынбақ. Әзірге отандық шикізат тек 7 процентке өңделеді. Қанттың 58 проценті импорт.

Отандық қант өндірісі

Десе де, елдегі қант зауыттарына қолдау қажет. Өндірісте шикі құраққа тәуелдіміз. Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева құзырлы министрліктердің шикізатты сатып алу бойынша бағдарлама әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Ал жақын көршілеріміз 700 мың тоннадай артық өнім өндірмек. Демек, бұл қанттың біразы импорттан әзірге арыла алмай отырған біздің нарыққа жеткізілуі мүмкін. Бастысы отандық өнім елеусіз қалмаса болғаны. Жарты жылда елімізде өңделген қант құрағынан 178 мың тонна тәтті өнім өндірілді. Айжан Наурызғалиева зауыттарға жер беріп, өз шикізатымен қамту қажет деген пікірде. Себебі, өндіріс орындары отандық қант қызылшасын өңдеуге ден қойып отыр.

Айжан Наурызғалиева, Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті:

- Біз 12,3 мың гектар жерге қант қызылшасы егілді деп жобалағанбыз. Бірақ облыстық әкімдіктердің бақылауынша, бізде оншалықты аумақтар жоқ болып шықты. Яғни жоспардан аз өнім жиналады. Соған қарамастан, мұндай шикізаттан 45 мың тоннаға жуық ақ қант аламыз. Жазда қант құрағын өңдейтін үш зауыт жұмыс істеді. Күзде оның екеуі қызылшаны өңдеуге көшеді. Тағы екі зауыт қант құрағын өңдей береді. 

Бір жылда елдегі қант бағасы 87 процентке өскенін айттық. Иә, өңірлерде тәтті өнімге тапшылық кәдімгідей сезілді. Бірақ, қазір жағдай тұрақталды дейді мамандар. Ендеше, кей қалалардағы қант бағасына шолу жасайық.

Нарықтағы баға

Алматы дүкендеріндегі қант бағасы 580 теңгеден басталады. Ақтөбеде өнім келісі 600 теңге шамасында. Шымкенттен 620 теңгеге табуға болады. Көкшетаудағы баға - 640 теңге. Өскемендегі дүкендерде тәтті өнім 650 теңгеден сатылып жатыр. Талдықорғандағы баға 680 теңгеге барады. Елордада дүкендерінен өнімді 700 теңгеге табуға болады.

 

Жаз бітпей жатып, қазақстандықтар қысқы демалысын қамдай бастады. Мамандар шет мемлекеттерге турларды ерте алып қою арқылы 20-30 процентке дейін үнемдеуге болатынын айтады. 

Мұны білетін отандастарымыз Жаңа жылды қайда қарсы алатынын қазірден жоспарлап жатыр. Туристік агенттіктер пандемиядан кейін сыртта демалатындардың үлесі артқанын айтады. көбейді. Ал жедел турларға сұраныс азайып кеткен. Әрине ерте броньді да талғаммен жасау керек. Қазір отандастарымыз үшін Вьетнам, Таиланд елдері ашылды. Түркия, Мальдив аралдары, Мысыр, БАӘ де қазақстандық туристерді қабылдауға дайын. Таяуда бұл тізімді Шри-Ланка толықтыруы мүмкін. Оның үстіне азаматтық авиация комитеті күзгі-қысқы кезеңде Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен Анкараға жаңа рейстер ашылатынын хабарлады.