Қазақстан - Сербия: Тауар айналымы 3 есе артты
Премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа іс-сапары барысында Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Арадағы тауар айналымының өзінің нәтижелері жаман емес. Былтыр көрсеткіш 3 есе артып, 78 миллион долларға жеткен. Сапары аясында Мұрат Нұртілеу Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан келер жылы Сербия басшысын Қазақстанға шақырды.