Құс шаруашылығында төрт ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

Қазақстан құс етімен өзін өзі қамти алады. Тіпті шетелге эспорттауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір Үкімет осы межеге жетудің жолдарын пысықтап жатыр. Оған сай алдағы екі жылда құс шаруашылығында 4 ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Олар Алматы, Жамбыл, және Ақмола облыстарында. Ауқымды бастамалардың алды келер жылы іске қосылады. Қазақстан даму банкі арқылы тікелей қаржыландырылатын жоба аясында жылына 200 мың тоннаға дейін қосымша құс етін өндіруге болады. Бұл туралы бүгін Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Қазір елде құс етін өндірудің жалпы көлемі жылына 328 мың тоннаны құрайды. Жиында сондай-ақ ет, сүт, астық өңдеу бойынша да атқарылған жұмыстар сараланды.