Moody’s халықаралық агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін жоғары бағалады
Moody’s халықаралық агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін жоғары сатыға көтерді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – ел тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр халықаралық агенттік елімізге жақсы баға берген. Мамандардың айтуынша, мұндай факторлар экономикадағы тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ несиелік тұрақтылығы жоғары мемлекеттердің деңгейіне жетуге ықпал етеді. Себебі несиелік рейтинг – экономикалық тұрақтылықтың көрсеткіші.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Енді бұл агенттік қандай мемлекеттің көрсеткіштерін негізге ала отырып, осындай шешім қабылдайды? Бірінші кезекте бұл мемлекеттің саяси және институционалдық дәрежесіне байланысты. Яғни, әртүрлі коррупциямен, саяси тұрақтылық, заңдардың дұрыс орындалуы негізге алады. Осы бойынша Қазақстан өте жақсы көрсеткіште. Екіншісі – мемлекет экономикасының әртараптандырылуы.
Moody’s халықаралық агенттігі ахуалды біржақты емес, объективті түрде бағалайды. Мәселен осы жолы агенттік, еліміздегі іскерлік климат пен қолайлы бизнес экожүйесін құру және бюрократиялық кедергілерді азайту бойынша қабылданған шараларға баса мән берген. «Осылайша, Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы мен шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң әсерін растады», - дейді мамандар.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Халықтың тұтынушылық несиесін қамтамасыз етіп отырған отандық екінші деңгейлі банктер. Ал біздің экономикамызға сыртқы инвестициялардың келуі – экономикаға үлкен күш береді. Ал жаңағыдай Moody’s сияқты халықаралық агенттіктер жақсы көрсеткіш беретін болса, көптеген мемлекеттер сол көрсеткішке қарай отырып, қандай салалар Қазақстанның инвестицияға тартымды деген сұрағына жауап ала алады.