2024 жылы құрылыс саласында рекордтық көрсеткіш тіркелді
Қазақстан былтыр құрылыс саласында рекорд орнатты, деп хабарлайды 24kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі жылдағы көрсеткіштерден асып кеткен. Сонымен қатар металлургия 7%-ке жуық, машина жасау 10% шамасында, химия 8%-ке жуық өсім тіркелген. Соның арқасында өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 5,9%-ке артты.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Иинвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба пайдалануға берілді. 14 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Екіншіден, жыл қорытындысы бойынша еліміздің құрылыс саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Тәуелсіз еліміздің тарихындағы рекордтық 18,9 млн шаршы метр салынды. Бұл дегеніміз, 172 мыңнан астам тұрғын үй.