Әлемде алтын қымбаттады

Әлемде алтын қымбаттады

Асыл тастың құны 1,6%-ке өсіп, бір унциясы 2905 долларға бағаланған, деп хабарлайды 24kz.

«Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың сауда-саттық бойынша жаңа тарифтер енгіземін деп жар салуы себеп» - дейді сарапшылар. Ақ үй басшысы 2 күн бұрын барлық болат және алюминий импортына қосымша 25% баж салығын енгізу жоспарын жариялаған болатын. Қазір қоймаларда алтын құймасы көбейіп жатыр. Жыл басынан бері жетінші рет өсім байқалған. Инвесторлар алтынды сенімді капитал ретінде бағалауға көшті. Өйткені әлемде сауда соғысы күшейген сайын валюталардың құнсыздану қаупі жоғары. Нарық стратегтері алтынның бір унциясы алдағы уақытта 3500 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деп топшылайды.