Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 13 әлеуметтік нысан салынады
Абай облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады.
Нысан құрылысы қайтарылған активтер есебінен жүргізіледі. Бұдан бөлек үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 13 нысанның құрылысына 59 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде Атырау, Жетісу, Ұлытау облыстарындағы ауыл мектептері, Түркістан өңіріндегі музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы аймақтарындағы спорт кешендері бар. Сонымен бірге Риддерде көпсалалы аурухана, Шымкентте жатақхана, ал Ақтөбе мен Петропавлда 2 балабақшаның құрылысы қарастырылған. Қайтарылған активтер есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы мен Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы басталған.