Мемлекет пен бизнестің мүддесі қатар ескеріледі – Қаржы министрілігі
«Үкіметтің қосымша құн салығы мөлшерлемесін 16%-ке көтеру туралы бастамасы шағын бизнеске кері әсерін тигізбейді. Салық кодексіне өзгеріс енгізу кезінде мемлекет пен бизнестің мүддесі қатар ескеріледі». Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлытау облысының кәсіпкерлерімен кездесуінде осылай деді.
Ведомство өкілі салық саясатына қатысты Үкіметтің бастамаларын түсіндірді. Ал, кәсіпкерлер қауымы: «Қосымша құн салығының өсуі тауар мен қызмет бағасының артуына және көлеңкелі бизнестің көбеюіне әкелуі мүмкін», - дейді. Кездесу барысында олар жаңа бастамаға қатысты өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныстарын айтты.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Бүгінгі мақсат – ол осы ашық алаңда диалог құрып, бизнесмендердің ұсыныстарын есту. Ұсыныстары оны бірден 16-ға көтеру емес, оны бір белгілі мерзіммен көтеру ұсынылды. Оған келіспегендер де болды. Қосымша құн салығына тіркеу үшін шекті мәнін түсіруге қарсы болғандар да болды. Жақтағандар да болды. Оның барлығын біз талқылап, ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын.