Егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие субсидияланбайды

Шаруаларға пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудан тікелей жеңілдетілген несие беруге көшу - маңызды міндет.

Бұл субсидия мүлдем болмайды деген сөз емес. Биылдан бастап көктемгі егіс жұмыстарына берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланбайды. Өйткені биыл бұл бағытта жеңілдетілген несие беруге 700 млрд теңге бөлінеді. Бұрын-соңды мұндай қомақты қолдау көрсетілмеген. 2023 жылмен салыстырғанда қаражат көлемі 4 есе көп. Несие шаруаларға 5%-дық үстамақымен беріледі. Бұл жемқорлық пен бюрократиялық кедергілерді төмендетеді. Ауылшаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несие беруге біртіндеп көшіп жатыр. Ал 2029 жылдан бастап дайын өнімді субсидиялаудан бас тартып, жеңілдетілген несиелендіруге көшу жоспарланған. Осылайша ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларға субсидия мен несие беруді оңтайландырады.