О. Бектенов сарапшылармен салық реформасы мәселесін талқылады

primeminister.kz

«Қаңтар айында біз кірістер жоспарын 150%-ке орындадық. Мұның барлығы – мемлекеттік кірістер саласындағы жұмыс пен цифрландырудың нәтижесі». Премьер-министр сарапшылар және бизнес өкілдерімен өткен жиында осылай деді. 

Олжас Бектенов бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдететін бірыңғай цифрлық экожүйені құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір салаға жасанды интеллект және автоматтандырылған деректерді талдау енгізіліп жатыр. Бұл әкімшілік жүктемені азайтып, ашықтықты арттыра түспек. Кеңесте Ұлттық экономика министрлігі фискалды реформаның негізгі тәсілдерін қысқаша таныстырды. Сондай-ақ салық режимдерінің санын 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқарту ұсынылды. Бүгінде елде кірістер деңгейі шамамен 20%-ті құрайтыны атап өтілді. Кездесуге қатысушыларға Қаржы министрлігінің үлкен деректерді талдау жүйесі де таныстырылды. Онда 55 мемлекеттік деректер базасы жүктелді. Жыл соңына дейін олардың саны 100-ге дейін артады деп көзделіп отыр.