Кәсіпкерлер мен үкімет мүшелері салық реформасын талқылап жатыр
Қарағандыда өткен бас қосуда өңірдің кәсіпкерлері салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бойынша өз пікірлерін білдірді.
Мәселен "Жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу" қауымдастығы қаражтты экономикаға қайтару үшін гранттарды пайызсыз несиелерге ауыстырған жөн деп санайды. Қосылған құнға салынатын салық мөлшерлемесінің өзгеруіне қатысты Қостанай облысының өндірісшілері де үн қосты. Кәсіп иелері айыппұлдарды саралау және ауылшаруашылығы саласына қатысты ұсыныстарын айтты.
Марина Бошель, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы:
- Бүгін біз бірқатар жобаны талқыладық. Шағын бизнес категориясы бойынша Мәжілісте үкімет тарапынан енгізілген толықтыруылар өте орынды. Мәселен, жылдық табыс 135000АЕК-тен аспауы керек. Жеңілдетілген салық режиміндегі жеке кәсіпкерлерге ол 20000АЕК болатын. Бұл кәсіптің дамуына үлкен септігін тигізеді деп сенемін.