Блогерлер 53 млрд теңгеден астам кірісін жасырып қалған

Қазақстандық блогерлер 53 млрд теңгеден астам кірісін жасырып қалған.

Мемлекеттік кірістер комитеті осындай ақпарат таратты. Мамандар декларация тапсырған 594 тұлғаның табысына қатысты деректерді салыстырған. Бақылау шараларына уәкілетті органдармен қоса, ұйымдар мен өзге де тұлғалар қатысқан. Нәтижесінде 53,3 млрд теңге сәйкессіздік бары анықталды. Қазіргі таңда заң бұзған вайнерлерге жаппай ескерту "хабарламасы" жіберіліп жатыр. Олар бір ай көлемінде табысына қатысты барлық ақпаратты ашық көрсетуі тиіс. Ал егер келіспеген жағдайда дәлел ретінде түсіндірме хат ұсынуы талап етіледі.

Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР Қаржы министрлігі Кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы:

- 2594 тұлғадан жалпы көлемі 53,3 млрд теңге сәйкессіздік анықталды. Нәтижесінде ақпан айының 13-14 күні салық төлеушілерге хабарламалар жіберілді. Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсынуы қажет.