«Қазақстанның даму банкі» ірі жобаларды ғана дамытуға қайта бағдарланады

Ал холдингтің еншілес компаниясы Qazaqstan Investment Corporation кәсіпкерлерге үлестік қаржыландыру мүмкіндіктерін ұсынады.

Сондай-ақ елде сыртқы нарықтарды дамыту стратегиясы шеңберінде сауда қорын және экспортты қолдаудың арнайы құралдарын әзірлеу жоспары бар. Осы ретте «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің» сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік құралдары және композиттік қызметтер бойынша қызметі кеңейтілді. «Бәйтерек» холдингі де екінші деңгейлі банктермен және халықаралық қаржы институттарымен бірге еліміздің экономикалық дамуына және мемлекет басымдық беріп отырған бағдарламаларды қаржыландыруға дайын.