Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Шарада жұмысшы мамандықтарға арналған 200-ге жуық орын ұсынылды. Сонымен қатар түрлі құзырлы орган өкілдері қатысушыларға құқықтық кеңес беріп, «Қарызсыз қоғам» жобасының мән-жайы түсіндірілді. Биыл қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі екі рет өтіп, 67 адам екі қолға бір күрек тапты. Әсіресе жүк көлігін жүргізуші, электрик, сантехник және механикке сұраныс жоғары болды.
Кенжегүл Құрақбайқызы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
- Қазіргі таңда бізде Қызылорда қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз. Жалпы бұл жәрмеңке бізде жыл он екі ай өткізіліп тұрады. Биылғы жылы арнайы осы жыл аяғына дейін жалғасын таба береді. Бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін боламыз.