Биыл отандық бизнесті қолдауға сегіз триллион теңге жұмсалады

Мұндай қомақты қолдау бұрын-соңды болмаған.

Қаражат экспорт, тұрғын үй құрылысы, негізгі инвестициялық және басқа да жобаларды дамытуға бағытталады. Сәйкесінше, кепілдік қорлары пайда болады.Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыру арқылы іскер азаматтардың бизнесін дөңгелетуге көмек қолын созбақ.

Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісті

Ел экономикасын әртараптандыруға Үкімет қыруар қаржы бағыттамақ Жоспар бар, енді нақты әрекете көшу қажет. Бұл тұста нақты секторларға көңіл бөлінеді. Өндіріс, өнеркәсіп, инфрақұрылымға инвестициялар тартылады. Сондықтан үкімет бірқатар ауқымды бағдарламаны іске қосады. Бизнесті дамытуға 8 трлн теңге бағытталады.  Қаржыландыру көлемін 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар,  "Бәйтерек" холдингі де екінші деңгейлі банктермен және халықаралық қаржы институттарымен бірге еліміздің экономикалық дамуына және мемлекет басымдық беріп отырған бағдарламаларды қаржыландыруға дайын. Бәйтеректің қаржыландыру сомасы 7,3 трлн теңгені құрайды. Биыл 3,7 трлн теңге қарастырылған. Холдингтің кепілдігі 2,2 трлн теңгеге немесе 30%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің де жауапкершілігі  арта түспек. Сонымен қатар, «Бәйтерек» елдегі инженерлік желілерді жөндеуге де қол ұшын созатын болды.

Жандос Шайхы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бәйтерек холдингі энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын қаржы операторы. Жалпы елде инженерлердің тозуын төммндету үшін оны 3 триллион  теңгеден астам инвестиция тартылады. Оның ішінде 4.7 триллион теңгені біздің холдинг қамтамасыз етеді. Бұл жоба инженерлік желілердің тозуын төмендетуге және азаматтарды жылу, энергия және су мен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Бәйтерек отандық өнімдерді пайдалануға басымдық беруді қолдайды. Бұл жергілікті өндірісті дамытуға және жұмыс орындарын ашуға және импортқа тәуелдікті азайтуға мүмкіндік береді. 

Отандық экспорттаушылар үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру құралдары кеңейтіліп жатыр. Бұл өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуына жол ашады. Қазір елде экспортқа бағдарланған жобалар пулы қалыптастырылып жатыр. Негізгі бағыттарды атап өтсек, бұл - Қытай, Орталық Азия, Еуропалық одақ аумағы. Мақсат - ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестікті күшейту.  «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» саланы қолдаудың тиімді құралдарын ұсынып отыр. Бұл шаралар қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға шығарып қана қоймай, тауар өндірушілердің позициясын нығайтады.

Жанерке Қайратқызы, сарапшы:

- Жалпы экономиканы әртараптандыру бұл біз  егемендік алғаннан бері  негізгі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі өйткені  жаңағы экспортымыз көбінде мына шикізатқа тәуелді болып кеткендіктен  осы шикізатқа тәуелділіктен арылу үшін былай айтқанда экономикалық  тәуелсіздігімізді орнату үшін ол ең маңызды өзекті мәселелердің бірі. Бұған көптеген үкіметтің  қаржылай жағынан болсын, басқа да ресурстық жағынан болсын әрдайым күші жұмылдырып келе жатыр. 2,00 Осы орайда да көтпеген жұмыстар жүргізілуі керек. Сол себепті  бұл бір абстрактті түрде ауыл шаруашылығы даму деген емес, нақты шараларға негізделген. Осы техникалық  даму, тезниканың модернизациядлан өту. Сонымен қатар тек дәнді дақылдарға емес, дәнді дақылдарды әртараптандыру бізге көбірек табыс алып келетін дәнді  дақылдарды егу.

Сонымен қатар Шағын және орта бизнестің «айы оңынан туатын» болды. Себебі олар үшін бұрын банктен кепілсіз несие алу мұң еді. Енді банктердің алдында "Даму" Қоры кепілгер болады. Ол кәсіпкерлерге ірі активтерсіз де несие алуға мүмкіндік береді. (ГРАФИКА) Айталық,  2028 жылға қарай кепілдіктердің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін өсепек.  Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 148% - ға артық. Егер бір жыл бұрын кепілдіктер арқылы 8 212 жобаға қолдау көрсетілсе, енді жыл сайын 50 000 жоба көмек алады деген жоспар бар. "Даму" қоры  тек биылдың өзінде шағын және орта бизнестің 30  000 жобасына  1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетеді.

Айнұр Қуатқызы, Нұрсұлу Өмірхан