Денсаулығын доллармен сақтандыратындар бар
Елде аннуитетті сақтандыруға сұраныс артты.
Бұл қауіпті жағдайда жұмыс істейтін азаматтардың ерте зейнетке шығып, зейнетақы алуына мүмкіндік. Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, былтыр аннуитетті зейнетақы сыйақысы 338%-ға өсіп, 457 млрд теңгеден асқан. Сарапшылар бұл нарыққа сұраныстың артуына бірнеше себеп бар дейді. Ең алдымен, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасқа дейін артты. Ал елдегі зейнет жасына жақындап қалғандардың үлесі халықтың 15% құрайды. Қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен инфляция тәуекелдері де өз әсерін тигізді. Оған қоса зейнетақы жинағын қордан өмірді сақтандыру компанияларына ауыстырғандар көбейген.
Ең бастысы, сақтандырылған азаматтың 7 жылдық жарнасы болуы керек. Ол 55 жастан асқанда жұмыс берушіге арыз жазып, зейнетке шыға алады. Қазір елімізде 42 мыңнан аса адамның осындай құқығы бар, дегенмен, көбі пайдаланбайды. Жұмысын жалғастыруды жөн санайды.
Руслан Құрманғалиев, өмірді сақтандыру компаниясының өкілі:
- 4 источниктан төленеді. Бірінші мемлекет төлейді, біз төлейміз. төртіншісін зейнетақы қоры төлейді. Төрт источникті қоссақ, 208 мыңдай шығып отыр. 43 мыңнан.
Аннуитетті сақтандыру сыйақысы артады
Сарапшылар екі жылда өмірді сақтандыру нарығындағы зейнетақы аннуитеттерінің үлесі 55-60% жетіп, сыйақы көлемі 500-550 млрд теңге болады деп болжайды. Бұл кезеңде негізгі ойыншылар арасында бәсеке күшеюі мүмкін. Енді 2030 жылға қарай халықаралық қаржы нарығында интеграция орнайды. Тіпті трансшекаралық зейнетақы өнімдері дамуы ықтимал. Ал зейнетақы активтерін жасанды инттелект басқарады. Болжам жасаушылар бұл тұста нарық үлесі 800-850 млрд теңге болады деген пайымда.
Қазір елде денсаулығын сақтандыруға ниеттілердің қатары артып жатыр. Оларға доллармен жинақтауға мүмкіндік берілген. Жаңа бағдарламаға сай, азаматтар өзінің денсаулығын 1 млн долларға дейін сақтандыра алады. Бұл үшін 600 доллар көлемінде бір жылдық жарна төлеу керек. Ескерерлігі, бұл қаражат қайтарылмайды. Егер көрсетілген уақытта диагноз анықталса, компания науқасты ел ішінде, қажет болса шет елде емделуге көмектеседі. Ем шығындарын толық өтейді.
Руслан Құрманғалиев, өмірді сақтандыру компаниясының өкілі:
- Теңгемен жинақтау бағдарламалары 70 жасқа дейін болады алуға. немесе 65 жасқа, критикалық бағдарламалар, солардан ғана қорғалады, кейін олар уже статистика бойынша алынбайды. Адамды сақтандыруға алатын болсақ, олардың денсаулығын тексеру керек. ешқандай учет, диагноздары болмау керек. Қиын диагноздары болса, сақтандыру компаниялары алмайды, өйткені ол риск болып саналады.
Тиімді сақтандыру бағдарламалары бар
Иә, мамандар сақтандыру бағдарламаларын жетілдіріп жатыр. Қазір жұмыс берушінің міндетті сақтандыру қызметі көш басында. Компаниялар 3 млн тг, тіпті одан да көп өтемақы төлейді. Жалпы кәсіби қауіптіліктің 22 санаты белгіленген. Соның ішінде шахтадағы жұмыс ең қауіптісі саналады. Егер жұмысшы 5 пайыздан 29 пайызға дейінгі жарақат алса, қызметкер өз есебінен емделеді. Жарақат деңгейі 30 пайыздан асса компания төлейді. Азамат мүгедек болып қалса не өмірден өтсе төлем орташа жалақы көлеміне қарай есептеледі. Өтемақы азамат дүниеден өткен жағдайда, мұрагерлеріне беріледі. Оны алу үшін еңбек инспекциясына жүгіну керек.
Сонымен қатар балаларын жоғары оқу орнында оқыту үшін ерте қамданып жатқандар бар.
Руслан Құрманғалиев, өмірді сақтандыру компаниясының өкілі:
- Мемлекеттік сыйақысымен жинауға болады. Ол 5 немесе 7 пайызға үстемақы мемлекет төлеп береді. 20 жылға ең жоғарғы мерзімге дейін ашуға болады. Бала туғаннан бастап, ата-аналар сондайды көздейді. Баласы шетелде оқығысы келсе немесе Қазақстанда жақсы мемлекеттік ВУЗ-дарға түсетін болса, грантқа түсе алмай жатса, сондай ақылы жинақтаушы арқылы жинауға болады.
Өмірін ерікті сақтандыратындар үлесі аз
Еліміздегі 25 сақтандыру компаниясының оны өмірді сақтандыруға бейімделген. Былтыр олардың активі айтарлықтай өсіп, 1,7 млрд теңгеге жетті. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6 млрд теңгеге көп. Өмірді сақтандыру сыйақылары 2 есе өскен. Жалпы сақтандыру нарығы 703 млрд теңге болса, өмірін ерікті түрде сақтандырғандарға 977 млрд теңге ұсынылды. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Руслан Құрманғалиев, өмірді сақтандыру компаниясының өкілі:
- Адамға жеткіземіз. қандайда бір жағдай болсын, адам дүниеден өтсе, оның қарызын сақтандыру компаниясы тікелей барлығын жауып береді. Егер халық оны алмаса, қандай да жағдай болса, онда мұрагерлеріне мойнына алынады деген сөз. Соны ұғу керек. Өйткені сақтандырудың жарналары кішкентай болғанымен, көптеген үлкен компенсациясы бар, соны ұғыну керек.