Елге қаңтар айында 807,1 млрд теңге инвестиция тартылды
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 807,1 млрд теңгеге жетті.
Биыл қаңтарда ел экономикасына былтырғыдан 0,2% көп қаражат құйылған. Оның ішінде жартысына жуығы ірі кәсіпорындардың еншісінде. Сонымен қатар, орта кәсіпорындар да негізгі капиталға инвестиция көлемін ұлғайтқан. Бұған не себеп? Тақырыпты зерттеген әріптесім Серік Селеубайұлы қазір студияда. Кеш жарық, Серік! Жалпы, қазір компаниялар қай бағыттарға қаржы құйып жатыр?
Инвестицияның 67% ғимараттар салу мен күрделі жөндеулер жүргізуге құйылып жатыр. Сонымен қатар қаражаттың 28% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған. Бірақ, Премьер-министр ірі жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу керегін ескертті. Олжас Бектеновтің сөзінше инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру қажет.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
20.02.2025
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты. Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет.
Дәл осы бағыттағы жұмысты жүйелі атқарып жатқан өңірлер де бар. Мәселен, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан облыстары негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі бойынша үздік нәтиже көрсеткен. Олардан кейінгі орынға Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы жайғасқан. Тізім соңында Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент және Астана қалалары тұр. Бұл өңірлердің барлығында өсім тіркелген.
Инвестициялар көлемі өскен өңірлер
Ақтөбе облысы 88,9%
Жетісу облысы 82,1%
Түркістан облысы 74,9%
Жамбыл облысы 53,5%
Алматы облысы 52,4%
Алматы қаласы 42,6%
Шығыс Қазақстан облысы 36%
Шымкент қаласы 33,8%
Солтүстік Қазақстан облысы 28,7%
Астана қаласында 27,9%
Дегенмен, көрсеткіші төмендеген аймақтар да жетерлік. Ұлытау, Қостанай, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Манғыстау және Павлодар облыстарында негізгі капиталға салынған инвестициялар ағыны баяулаған. Мамандар бұл үрдісті экономика құрылымының өзгеруімен байланыстырады.
Инвестициялар көлемі төмендеген өңірлер
Ұлытау облысы 55,2%
Қостанай облысы 51,4%
Атырау облысы 49,3%
Ақмола облысы 33,7%
Қарағанды облысы 28,2%
Манғыстау облысы 9,3%
Павлодар облысы 9%
Әлжан Естемесов, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Жобалар департаменті директорының орынбасары:
- Қазір бүкіл әлемде өңдеуді шикізатқа жақын жерде жасау трендке айналды. Сондықтан көптеген елдің компаниялары Қазақстанға қызығып тұр. Бізде тау-кен, мұнай саласындағы шикізат қана емес, ауыл шаруашылығының шикізаты көп. Атап өтсек, ауыл шаруашылығы саласында бидай өңдеу саласы қызық болып тұр. Қазақстанда жылына 15-20 млн тонна бидай орылады. Бірақ өзіміз пайдаланатыны 6-7 млн тонна. Қалғаны экспортқа кетеді.
Маманның сөзін статистикалық деректер де қуаттайды. Мәселен, 2025 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу мен өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке , көлік және жинақтауға, ауыл, орман және балық шаруашылығына құйылған қаражаттың үлесі жоғары..
Инвестициялардың үлесі
Өнеркәсіп – 43,1%
жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,8%
көлік және жинақтау – 10,7%
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2,2%
Ернар Серік, Сауда және инвестициялық саясат бойынша сарапшы:
- Ол дегеніміз бизнестің тек қана шикізатқа салу парадигмасының өзгеруі деп ойлаймын. Себебі бизнес менің ойымша қазір түсінді тек қана шикізат өңдеумен, жартылай фабрикаттарды өңдеумен айналысып емес, күрделенген тауарларды өндіруге немесе басқа да қызмет түрлеріне, ІТ саласы, тағы да басқа қызмет түрлеріне ақша салу тиімдірек деген қағиданы түсінген сияқты. Сондықтан бұл позитивті сигнал деп ойлаймын.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді. Олардың көлемі қаңтар айында 568 млрд теңгеден асып, жыл басынан бері құйылған инвестициялардың 70,5%-құрады. Екінші орында бюджет қаражаты тұр. Ол негізгі капиталға салынған инвестициялардың 16,2%-на тең. Сонымен қатар экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,9%.
Қаржыландыру көздері
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – 70,5%
Бюджет қаражаты – 16,2%
Банк саласы – 3,9%