Жер қойнауын пайдаланушылардың 500-ден астам өтінімі өңделді

Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 500-ден астам өтінім өңделді.

Хабарламалар арнайы жасақталған  біріңғай платформаға келіп түскен. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі мәлімдеді. Жәннат Дүбірованың айтуынша, бұл платформада барлық геологиялық деректер жинақталған. Сонымен қатар пайдалы қазбаларды барлау мен иГеруге өтінім беруден бастап лицензия алуға дейінгі мемлекеттік қызметтер цифрлы форматта көрсетіледі. Инвесторларға ыңғайлы болуы үшін интерактивті карта да жасақталған. Онда пайдалылып жатқан және аукционға шығарылатын жер учаскелері белгіленген. Яғни енді жер қойнауын пайдаланғысы келетін кәсіпкер тікелей сайтқа кіріп, өтінім бере алады.

Жәннат дүбірова, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Біз барлық процесті цифрлы форматқа көшірдік. Онда мемлекеттік бюджетке тікелей төлем жасауға болатын онлайн-әмиян бар. Бұл қаражат бірден Қаржы министрлігінің есеп-шотына түседі. Одан кейін цифрлық аукцион өтеді. Жеңімпазға пайдалы қазбаларды барлауға немесе өңдеуге лицензия беріледі. Бұл қызметтің барлығын онлайн пайдалануға болады.