«Самұрық-Энерго» компаниясы AIX алаңында «жасыл сертификаттарды» саудалады

Астана халықаралық биржасында I-REC, яғни жаңартылатын энергия сертификаттарының алғашқы саудасы болды.

Алғашқы мӘміле отандық «Самұрық-Энерго»-ның  еншілес компаниясы «Самұрық-Грин Энерджи»  мен британдық «Валор Карбон» трейдинг фирмасы арасында жасалды. Кездесуде шетелдік мамандар Қазақстандағы жаңартылатын энергия секторын жоғары бағалады. 

I-REC жаңартылатын энергия сертификиттары қазір әлемнің 50-ден астам елінде жарамды. Ол жасыл энергияның күн, жел және су арқылы өндірілгенін растайтын құжат. Бүгінде таза электр энергиясына алғаш бет бұрған отандық компаниялардың бірі «Самұрық-Энерго»-ның еншілес компаниясы «Samruk-Green Energy» болып табылады.

Алмасби Камалов, "Самұрық-Энерго" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры:

- Бүгінгі шараға «Samruk-Green Energy» компаниясы қатысты. Компаниямыз I-REC сертификатын алғашқы болып алғандардың қатарында. Бұрын Астана халықаралық биржасы мұндай шараларға қатыспайтын. Сондықтан сатып алушыларды өзіміз іздейтін едік. Ол үшін әртүрлі ақпараттық порталдар қолданылды. Қажырлы еңбекті талап етті. Ал қазір Астана биржасы да іске қосылды. Мұндай бастамаға сәйкес, енді әлеуетті қатысушылар мен сатып алушылардың саны артады.

Бүгін Астана халықаралық биржасында I-REC жаңартылатын энергия сертификаттары бірінші рет саудаланып отыр. ECOJER қауымдастығының растайтын сертификаттары биржадағы алғашқы экологиялық құрал болып табылады.

Ренат Бектұров, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Алғаш рет бірінші сауда орын алды. Оның ішінде мың сертификат, ол жаңағы Самұрық Энергоның шығарғаны. Елімізде мұны ЭкоЖер бірлестігі верификация жасайды. Яғни қандай да бір генерация болса соған тексереді. Біздің мақсатымыз – биржада сатушы мен сатып алушының кездесіп, осы сертификаттардың нақты нарықтың бағасының болуы. 

Жасыл энергетика – көміртексіз экономиканың кепілі. Сондықтар I-REC сертификаттарын саудалау арқылы экологияға үлес қосуға болады,-дейді мамандар.

Альмира Оразбай, Арман Ақшабаев