Елімізде 156 базар жаңартылған
Елде соңғы 4 жылда 156 базар жаңартылған.
Биыл тағы 100 сауда орны модернизацияланады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде барлығы 644 базар бар. Оның 422-сі әмбебап болса, қалғаны мамандандырылған сауда орындары. Егер базар иелері жыл соңына дейін заңнамаға сәйкес жаңғырту жұмыстарын жүргізбесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы:
- Сауда базарларын жаңғырту мәселесі Сауда және интеграция министрлігінің ерекше бақылауында. Жалпы елдегі базарларды жаңғырту 10 жыл бұрын басталған болатын. Сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін министрлік өкілдері биылғы ақпан, наурыз, сәуір айларында базарларды аралау кестесі бекітілген болатын. Сапар барысында базардың барлық егжей-тегжей түгендеу жұмысы жүргізіледі.