2025 жылы 96,2 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр

2024 жылы Қазақстанда 87,7 млн тонна мұнай өндірілді. Жоспармен салыстырғанда шамалы төмендеу «Теңіз» және «Қашаған» ірі кен орындарындағы жөндеу жұмыстарымен, сондай-ақ халықаралық келісімдерге байланысты уақытша шектеулермен түсіндіріледі.
2025 жылы 96,2 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Өндіру ең алдымен «Теңіз» кен орнында кеңейту жобасының арқасында өседі деп күтіледі, ол жылдың бірінші жартысында іске қосылуға тиіс. Сондай-ақ «Қарашығанақта» және Каспий шельфi қайраңында («Қаламқас-Теңіз» және «Хазар») жұмыстар жалғасып жатыр.
2024 жылы Қазақстан 68,6 млн тонна мұнай экспорттады. 2025 жылы 70,5 млн тонна экспорттау жоспарланып отыр. Қазақстандық мұнайдың негізгі сатып алушылары – оны КҚК, «Атырау-Самара» және «Атасу-Алашанькоу» құбырлары, сондай-ақ Ақтау порты арқылы алатын елдер.
ҚР Энергетика министрлігі