Қазақстанда атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы әзірленеді
ҚР Энергетика министрі А. Сәтқалиевтің айтуы бойынша Қазақстанда атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ министр хабарлағандай, 2024 жылдың желтоқсанында Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясы құрылысының аумағын бекітті. 2025 жылы АЭС салу үшін технология жеткізушісін (немесе консорциумды) таңдау, сондай-ақ Үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттар жасасу жоспарланып отыр.
ҚР Энергетика министрлігі