Қазақстан Ресейден электр энергиясын импорттауға ₸100 млрд жұмсаған

100 млрд теңге.

Қазақстан Ресейден электр энергиясын импорттауға былтыр осыншама қаржы жұмсаған. Бұл туралы Сенат отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Айтуынша, елде кешкі уақытта электр қуаты келісілген межеден көп жұмсалған. Сондықтан көршілес елмен қуат көзінің жыл сайынғы жеткізілетін мөлшері келісіледі. Осыған сәйкес заңға түзетулер енгізілді. Айта кетейік келісім 2023 жылы жасалған. Жалпы елімізде соңғы жылдары электр энергиясының тапшылығы қатты сезілуде. Ал энергетика министрлігі 2027 жылға дейінгі жоспарлы импорт көлемін азайтуды көздеп отыр.