Алматыда студенттер тың жобаларын қорғады
Алматыда «Бизнес Леди 2025» байқауы өтті.
Қыздар арасындағы сайысқа қаладағы колледж студенттері қатысып, кәсіп бастауға арналған тың жобаларын қорғады. Стартаптарды кәсіпкер келіншектерден құрылған қазылар алқасы саралады. Студенттер туристік бағыттарды оңтайландыру, логистика жүйесін жеңілдетуге арналған мобильді қосымшаларды таныстырды. Бұл бастамалар уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Финалдық кезеңге өткен қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болып, бірнеше жоба демеушілер тарапынан қолдау тапты. Ұйымдастырушылар бұл байқауды дәстүрлі шараға айналдырып, жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Альфия Хисматуллина, ұйымдастырушы:
- Бизнес жобаның өзектілігі, оның қаншалықты ойластырылғаны маңызды. Нарық қаншалықты зерттелген, бұл жобаның өз жолы табылған ба? Сондай-ақ қатысуышлардың болашақта кім болғысы келетіні де маңызды. Әрине бұл жерде әлеуметтік жобалардың да үлкен маңызы бар. Жай ғана ұсыныс емес, нақты қаламыздың мәселелерін шешетін жобалар болуы қажет.