Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасы өндіріледі
Импорттық тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тартқалы еліміздегі машина жасау саласының жаңа тынысы ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Бұған Қостанай қаласындағы Локализация орталығы базасында америкалық John Deere компаниясының өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техника өндірісін іске қосуы дәлел.
Сондай-ақ биыл 3 мыңнан аса шаруа жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында өз автопаркін жаңартады. Президент тапсырмасына сәйкес қабылданған лизинг жылдық 5%-пен беріледі, оған 120 млрд теңге бөлінген. Ал келесі 5 жылда цифрлық технологияларды енгізу және еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру мақсатында 3 заманауи сервистік орталық салынады.