Олжас Бектенов Ресей үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесу өткізді

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 3%-ке артып, 27 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды 24kz.

Қос ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері Премьер-министр Олжас Бектеновтің Ресей үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен өткізген кездесуі барысында талқыланды.

Тараптар цифрландыру мен жасанды интеллект, инвестиция мен инновациялық даму салаларындағы әріптестікке басымдық берудің маңыздылығына тоқталды. Сапар аясында Дмитрий Григоренко 1600-ден астам IT компания тіркелген және 400-ден астам шетелдік маманға жұмыс ұсынған Astana Hub және Назарбаев университетінің технопаркімен таныспақ.

Айта кеткен жөн, биыл Астанада Alem.ai. халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, IT-мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.