Елде доллар қымбаттады

АҚШ валютасы Алматыда 515-518 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Астанадағы бағам 517 теңге. Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар 516-517 теңге аралығында сатылуда. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық 17.00-де өтеді. Ұлттық банк соның негізінде ресми бағамды жариялайды. Жалпы АҚШ президентінің импорттық тауарларға баж салығын енгізіуі жаһандық нарыққа әсер етті. Биткоиннан кейін немістің DAX индексі де құлдырап жатыр.