Ұлытау шаруаларына 360 тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі
Ұлытау облысында биыл егін алқаптары бір мың гектарға ұлғаяды.
Диқандар 32 мың гектар жерге дән сіңіруді жоспарлап отыр. Оның 22 мыңына бидай, қалғанына көкөніс пен көпжылдық шөп егіледі. Қазір өңірде 40-қа тарта шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығымен айналысады. Шаруаларды қолдау мақсатында облыс қазынасынан 141 млн теңге бөлінді. Оның басым бөлігі тыңайтқыш сатып алуға жұмсалады. Бұдан бөлек дизель отыны да арзандатылған бағамен беріледі. Көктемгі дала жұмыстары сәуірдің соңы мен мамыр айының басында басталады.
Мұқағали Рамазан, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:
- Шаруаларды мемлекеттік қолдау шарасы аясында тағы да дизель отынымен қамтамасыз ету бағдарламасы бар. Биылға бізге бекіту кестесіне сәйкес, 360 тонна дизель отыны бөлінді. Литріне 254 теңге бекітілді. Дайындық қазір 90 пайызды құрайды. 70-ке жуық тракторлар, комбайндар және де 150-ге жуық адам тартылады деп жоспарлануда.