Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын

Еліміз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға дайын.

Ауыл шаруашылығы министрі Иранның Қазақстандағы елшісімен кездесуінде осылай деді. Жиында Айдарбек Сапаров Али Акбар Джоукармен қос ел арасындағы ынтымақтастықты талқылап, серіктестікті нығайту жөнінде келісімге келді. Айта кетейік кейінгі 10 жылда еліміз Иранға 9 миллион тоннадан аса астық экспорттады. Биылғы жылдың алғашқы екі айында елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 72 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148 пайзыға артық.