Қазақстанда екі ірі газ өңдеу зауыты салынады
Келесі жылдан бастап елімізде газ саласының ауқымды мәселелерін талқылайтын «Астана газ форумы» ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Астанада өткен Enerdgy Trends конференциясында, QazaqGaz компаниясы осындай бастама көтерді. «Астана газ форумы» газ саласының мәселелері, ашық айтылатын диалог алаңы болады деп күтілуде. Бүгінгі кездесуде де газ саласының даму бағыты сараланып, өзекті сұрақтардың шешімі айтылды.
Кезінде көптің арманына айналған көгілдір отынға қол жеткізу соңғы жылдары біршама жеңілдеді. Мемлекет тарапынан аймақтарға газ құбырларын тарту қарқыны артса, QazaqGaz ұлттық компаниясы газға қосылу процестерін цифрландыру арқылы көгілдір отын игілігін көрген тұрғындар санын арттырды. Соңғы 3 жылда 2 млн-нан аса тұрғын көмір тасып, от жағу машақатынан құтылған.
Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Бүгінгі таңда Қазақстанда газдандыру деңгейі – 62%. Немесе 12 млн 600 адамға қолжеткізді. Биыл да бұл санды ұлғайтамыз. Мемлекет тарапынан 65 млрд ақша бөлінді. 7-8 аумақта газ құбырларын салып, газды ұлғайтамыз.
Мақсатты межені орындау үшін Ұлттық компания инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Сол арқылы газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттырып, жаңа газ көздерін қосу жұмыстарына баса назар аударды.
Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- QazaqGaz өз есебінен 700 млрд теңгеге. «QazaqGaz» ҰК-ның соңғы 3 жылда жасалған қандай инфрақұрылымдық жобалары бар, геологиялық барлау жұмыстары жасалды. Геологиялық барлау жұмыстарында көптеген инвесторлар тартылды. Шамамен 7 блок геологиялық барлау жұмыстарына бұрғылау жұмыстары басталып кетті, бірінші газда алынды.
Бүгінгі кездесу аясында QazaqGaz бен «ҚазАзот» ұлттық компаниялары Ақтөбе облысындағы «Северный-2» учаскесінде бірлескен қызмет және қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.