Президент Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалармен танысты
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалармен де танысты, деп хабарлайды 24kz.
Өңірдегі ірі бастамалардың қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб және кеме құрастыру верфі бар. Сондай-ақ бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит-орталығын салу мен аммиак-карбамид кешенін іске қосу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді. Құны 36 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 трлн теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.