Құрық порты аймақтағы жаңа логистикалық кластерге айналып келеді

Құрық порты аймақтағы жаңа логистикалық және индустриялық кластерге айналуда, деп хабарлайды 24kz.

Мұнда салаға серпіліс беретін ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Маңғыстау облысына жұмыс сапарында Президентке бастамалар жайлы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, «Middle Corridor Shipping» жаңа қазақстандық кеме компаниясының даму барысы баяндалды. Сонымен қатар Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы салынады. Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны қазақстандық және халықаралық серіктестер бірлесіп әзірлеуде.