Қазақстан-Ресей тауар айналымы $30 миллиардқа дейін артады
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30 миллиард долларға дейін артпақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуінде айтылды.
Ресей Федерациясына ресми сапармен барған Үкімет басшысы әріптесімен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, екіжақты келіссөздер жүргізді. Оның ішінде көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы байланыстарды сөз етті.
Айта кетейік, былтыр Ресеймен алыс-беріс көлемі шамамен 3%-ке өсіп, 27,8 млрд долларға жетті. Бірлескен 170-тен астам жоба сәтті жүзеге асып, 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашылған. Кездесуде тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.