Alatau city Азиядағы ең ірі арнайы экономикалық аймаққа айналады

Alatau city Азиядағы ең ірі арнайы экономикалық аймақ болады, деп хабарлайды 24KZ. Жалпы ауданы 97 мың гектарға жуықтайды. Адами капиталды, тың технологияларды және инвестицияларды тарту нүктесіне айналады. 170-тен астам жоба жүзеге асырылып, 110 мың жұмыс орны құрылуы мүмкін.

Alatau city Алматы облысының дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа өнеркәсіптік және туристік орталық болмақ. Өңірдің жаңа қаласында бой көтеретін алғашқы нысан кәсіпкерлікті қолдауға арналады. Бизнес-орталық алдағы 4-5 жылда жүзеге асырылады. Бұл туралы былтыр Сеулде инвестициялық жобаның тұсаукесерінде айтылған еді. Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясының ғимаратында өткен іс-шараға Парламент депутаттары мен ірі компаниялардың өкілдері қатысқан.

Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі былтыр мамыр айында Алатау шаһарын дамыту жоспарын бекіткен болатын.

Дәулет Сақтағанов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ шетелдік өкілі:

- «Алатау Сити» деген жоба бар. Өте үлкен жоба. Қазіргі таңда біз Оңтүстік Кореядан, Сингапур елінен, тағы да басқа жоғары технологиялық елдерден инвестицияларды тартып жатырмыз осы Алатау қаласына.