Сұйытылған газды елден шығаруға тыйым салу мерзімі ұзартылды
Сұйытылған газды ел аумағынан әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ болат дайындамалары мен жартылай фабрикаттарды әкетуге тыйым тағы 6 айға созылды. Бұл жайлы Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.
Келелі кеңеске Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті. Бұдан бөлек, жиында гипсокартон мен тас өнімдерін сырттан әкелуге 3 айға тыйым салу туралы ұсыныс қолдау тапты. Шешім Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерге қатысты.