Қазақстан мен Ауғанстан арасында $140 млн-ға келісімдер жасалды

Кабулда Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық миссиясы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Нәтижесінде тараптар 140 миллион АҚШ долларына келісім жасады. Қазақстандық өнімдер жергілікті және шетелдік серіктестерге негізінен агроөнеркәсіп, тоқыма және өңдеу өнеркәсібі салаларында ұсынылды. «Оларға қызығушылық жоғары болды», - дейді мамандар. Бұл миссия былтыр қазанда қабылданған жол картасын іске асыру және Алматыдағы Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумында жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыруда маңызды қадамның бірі саналады.

Қайрат Есенғали, Aerolab компаниясының техникалық директоры:

- Ауғанстанға дронмен келіп тұрмыз. Бізде ауыл шаруашылығына арналған дрондар. Бұл витаминтерді шашуға арналған және мониторинг жасауға арналған. Ауғанстаннан қызығушылық бар. Бұл бағдарлама арқылы экспортты көбейткіміз келеді.