Қазақстан мен Вьетнам іскерлік ынтымақтастық аясын кеңейтеді
Қазақстан үшін Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестердің бірі.
Екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге зор әлеует бар. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 860 миллион долларға жетті. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік дөңгелек үстелінде Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты. Жиын, Вьетнам Социалистік Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы То Ламның Қазақстанға келуі аясында ұйымдастырылған. Дөңгелек үстелге қатысқан тараптар, арадағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтасты арттыру бойынша бірқатар құжатқа қол қойды. Осылайша Қазақстан мен Вьетнам іскерлік қатынастарды нығайтуды көздеп отыр.
Мадияр Сұлтанбек, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазір екі елдің инвестициялық ынтымақтастығы аясында үш жобаны қолдап, жүзеге асырып жатырмыз. Соның бірі вьетнамдық команиялардың «Қазақ Эйр» акцияларын сатып алуы. Екінші негізгі жобамыз – туристік бағытта іске асуда. Бүгінде Қазақстан мен Вьетнам арадағы іскерлік қатынастарды барынша арттыруға ниетті.