Қазақстан Вьетнам нарығына тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын
Осылайша, арадағы тауар айналымды арттыру көзделіп отыр, деп хабарлайды 24kz.
Экспортталатын өнімдердің ішінде мұнай-химия, металлургия, тамақ өнеркәсібі және басқа да заттар бар. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесуі барысында айтылды. Тараптар сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, азаматтық авиация, туризм салаларындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейту мен жасанды интеллект интеграциясы бойынша озық тәжірибе алмасу перспективаларын қарады. Кездесу соңында Олжас Бектенов пен То Лам, екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін бар күш-жігерді жұмсауға ниеттерін білдірді.