Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі тұрақты өсіп келеді

Соңғы 4 жылда екі миллион тоннадан астам қара алтын өңделді.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Үкімет Қазақстанның мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледі. Құжат аясында 2032 жылға қарай өңдеу қуаттары 18-ден 28 млн тоннаға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылуы тиіс. Жалпы алғанда қара алтынды өңдеу жылына 38 млн тоннаға жетеді. Осылайша, шикізаттық бағыттан көмірсутектерді терең өңдеуге көшу жоспарда бар. Тұжырымдаманы жүзеге асыруға шамамен 15 пен 19 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған. Аталған тұжырымдама мұнайды терең өңдеуге инвестиция тарту, ішкі нарықты жанар-жағармаймен толық қамту, сонымен қатар білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.