Жетісу облысында майлы зығыр өсіріле бастады 

Ғалым Рахметқалиевтың диханшылықты кәсіп еткеніне ширек ғасырдан асты.

Негізінен майбұршақ пен жүгері, арпа егетін шаруа биыл 100 гектарға майлы зығырдың «орташа Лирина» сортын  және күнбағыс дәнін септі.  Гектарынан 20-25 центнерден аламыз деп болжап отыр. Өңірде майлы дақылды қайта өңдейтін бірнеше кәсіпорын бар. Сондықтан, шикізатты өткізуде кедергі болмауы керек. Қазірдің өзінде сұраныс бар екен.  

Ғалым Рахметқалиев, шаруашылық жетекшісі:

- Қазір күнде звондап сұрап жатыр. Зығырды. Талдықорғандағы Мажико сұрап жатыр. Переработкаға. Май шығымы өте жоғары. 50 пайыз. Косметика саласында көп қолданылады. Тамақ өнеркәсібінде көп қолданылады.

Шаруашылықтағылар жыл сайын мың гектарға майлы және дәнді-дақыл себеді. Тәлімді жерден тәуір өнім алу үшін олар ылғал сақтау технологиясын енгізіп жатыр.

Ғалым Рахметқалиев, шаруашылық жетекшісі

- Влагаизбиригающий гранул дейді соны Татарстаннан алып келдік биылғы жылы. Соны осы алқапқа пайдаланайық деп отырмыз. Ол топырақтағы ылғалды сақтап, өзінің бойына жинайды да жаз бойы ылғалды, зығыр, күнбағысқа беріп отырады. Жаңбыр болмаған күні де топырақта ылғал болып тұрады.

Өңірде шығатын ауылшаруашылығы шикізатының 60 пайыздан астамы жергілікті жерде өңделеді.  Биыл агроөнеркәсіп кешінін дамытуға 45 млрд теңге бөлінсе, оның 59 пайызы субсидия ретінде төленеді. Қазір шаруалар өнімділікті арттыру үшін, жаңа технологиялар енгізуге көшті. Мүмкіндігіне қарай қолда бар техникасын да жаңартып жатыр.

Жандос Өмірсадық, аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Біз осы бес айда 900 млнға 23 ауыл шаруашылық техникасын алдық. Былтырғы жылға келетін болсақ, 3,5 млрдқа 140 техника алдық. Техниканың жаңаруы бізге өніміне оң әсерін береді. Сапасы да жақсы болады.

Жетісу облысында биыл 95 мың гектарға майлы дақылдар себіледі. Егістік науқан мамыр айының соңында аяқталады.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев