Еңбек биржасында бос жұмыс орындары 27% артты

Электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындары 27 пайызға көбейді.

Маусым айында порталға 110 мыңға жуық вакансия жайлы мәлімет жарияланған. Ең жоғары өсім Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарына тиесілі. Ал Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында көрсеткіш төмендегені байқалады. Бос жұмыс орындарының көбін білім беру мекемелері ұсынған. Одан кейін ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салалары тұр. 

Жамбыл облысы  2,2 есе

Маңғыстау облысы  2,2 есе

Түркістан облысы  +60%

Павлодар облысы +40 %

Қызылорда облысы -6 %

Шымкент  -5 %