Аспаз мамандығын таңдаушылардың қатары артып келеді
Аспаз боламын деген жастардың қатары көбейіп келеді.
Қазір кәсіптік колледждерде 21 мыңнан астам студент осы мамандықты меңгеріп жатыр. Ал жыл сайын 9,5 мыңнан астам грант бөлінеді.
Кирилл колледжді биыл ғана аяқтаса да кондитерлік цехта бас кондитер атанып үлгірген. Тәтті тағамдарға қызығушылығы бала күнінен басталыпты. Ал алғашқы тортын әпкесімен бірге әзірлеген.
Кирилл Савельев, бас кондитер:
- Маған қазір жеңіл. Өйткені көптеген адамдар маған үйретті. Үлкен шеф, шеф кондитерлар көп жұмыспен жұмыс істегенмін. Мұнда жұмысқа кіргенде сразу шеф-кондитер қылып қойды. Мұнда жұмыс істеп жатқаныма 1 жылдай боп қалды. Қазір менде витринада 13 түрлі десерт бар. 7 авторлық десерт бар.
Бүгінде елдің 20 өңірінде 248 колледж аспаз даярлайды. Жыл сайын осы оқу орындарын шамамен 6 мың түлек тәмамдайды. Нарықта мұндай мамандарға сұраныс жоғары. Себебі білікті кадрлар ауадай қажет.
Бағила Сайлаубекқызы, Астана қаласы мансап орталығының басшысы:
- Қазір бізде колледж түлектері тез тауып кететін мамандықтар осы біздің практикамызда байқалады. Ол қызмет көрсету саласы. Повар, тігінші, оның ішінде официант деп жатамыз ғой. Бармен оқытатын. Сол оқуды бітірмей жатып оларды жұмыс беруші күтіп отырады.
Қазір колледждерге қабылдау науқаны жүріп жатыр. Жұмысшы мамандықтарға үміткерлер әңгімелесу арқылы іріктеледі. Педагогика бағытында диктант пен эссе жазса, медицина саласында бейінді пәндер бойынша тест тапсырады.
Ақзира Бақтыбайқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаменті басшысының орынбасары:
- Биылғы жылы енді өздеріңіз білесіздер ел президенті жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осы жылдың аясында біз қазіргі таңда мемлекеттік тапсырысты ұлғайтып жатырмыз. Биылғы жылы 150 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Жылдан жылға мемлекеттік тапсырыс көтеріліп жатыр. Оны атап өтетін болсам, мысалы, 23 жылы 133 мың болса, 24 жылы 143 мың бала қабылданды. Енді биылғы жылға 150 мыңға көтеруді жоспарлап отырмыз.
Мамандық таңдауда талапкерлердің қабілеті мен бейімі ескеріледі. Әсіресе жұмысшы мамандыққа бет бұрғандар үшін тек теория емес, тәжірибе де маңызды.
Сержан Айтжан, Мерей Талап