Биыл өңдеу өнеркәсібі 6,1% өсті

Өңдеу өнеркәсібі де оң нәтиже беріп келеді, деп хабарлайды 24kz.

Биыл сала 6%-ке өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты. Президент тапсырмасына сәйкес отандық тауар өндірушілерді қолдауға және өңдеуші саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев индустрияландыру нәтижелері саланың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп отыр. Министр өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау тетіктеріне тоқталды. Мәселен «Самұрық-Қазына» қорында биыл жер қойнауын пайдаланушылармен 551 келісімшарт жасалды. Осылайша, отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемін ұлғайтқан. Ведомство басшысы кәсіпорындарға қойылатын талаптарды да тізіп шықты.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Саланың экономикадағы үлесі 14%-ке дейін артқанын атап өткім келеді. Кәсіпорындарға мемлекеттен 13 түрлі қолдау алуға мүмкіндік беріліп отыр. Алайда мұндай көмекті алу үшін компаниялар белгілі бір талапатарды орындауы тиіс. Олардың қатарында өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнім сапасын арттыру, отандық материалдарды барынша көбірек пайдалану.