Еуроодаққа балық экспорты 11% азайды
Елде балық экспорты бәсеңдеді, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен былтыр 23,4 мың тоннасын сыртқы нарыққа шығардық, бұл 11%-ке аз. Оған логистика шығындарының артуы себеп болған. Мысалы, балық өнімдерін Еуроодақ елдеріне жеткізу қымбаттады. Бізде жылына 100 мың тонна балық өңдеуге қауқары бар 70-тен аса кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 20-сы осы нарыққа шығуға құқылы. Қазір қайта өңдеушілеріміз 50 түрлі өнімді 21 елге жіберіп отыр. Импорттаушылар қатарында Еуропадан бөлек, Ресей мен Қытай бар. Ал ішкі нарықтағы тұтыну өсті. Ұлттық статистикаға сүйенсек, жан басына шаққанда 4 келіден 5 келіге дейін артқан. Жыл сайын елге 54500 тоннадан аса балық өнімі жеткізіледі. Оның басым бөлігі теңіз және мұхит жәндіктері. Мамандар оларды жасанды су айдындарында өсіруді қолға алып жатыр.