Елімізде жұмыспен қамту жоспары 73% орындалды

Елде жұмыспен қамту жоспары 73 пайызға орындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жайын айтты. Жыл басынан бері 480 мыңға жуық қазақстандық екі қолға бір күрек тапса, алдағы уақытта тағы 3 миллионнан астам адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Ол үшін 2029 жылға қарай кәсіпкерлікті қолдау секілді бірқатар кешенді шара іске қосылды. Бұдан бөлек қазір кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін гранттарды пайдалану тиімділігіне бақылау күшейген. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың бизнесін қолдауға айырықша мән беріліп жатыр. 

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, табысы аз адамдар және басқа да әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 4 мыңнан аса грант берілді. Гранттардың басым бөлігі техникалық жабдықтарды сатып алуға, қосалқы шаруашылықты дамытуға бағытталды.