Маңғыстау облысы БАӘ-мен бірнеше салада ынтымақтастық орнатпақ

Маңғыстау облысы Біріккен Араб Әмірліктерімен бірнеше салада ынтымақтастық орнатпақ, деп хабарлайды 24kz.

Бұл қатарда туризм, көлік, логистика, мұнай өңдеу сынды бағыттар бар. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай шейх Сурур бен Мұхаммед әл-Нахаянмен Абу-Дабиде кездесуі барысында тиісті келісімге қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әкімдерді өңірлерге инвестиция тартуда белсенді болуға шақырған болатын.