Қ.Тоқаев Goldman Sachs Global Institute басшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақмерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады. Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды.