Ақмолалық диқандар 5 млн тонна астық жинады
Ақмола облысының диқандары 5 млн тонна астық жинады.
Осылайша егістіктің жетпіс пайызы орылды. Былтыр өңір қамбасына 6 млн тонна өнім түскен. Шаруалар биыл бұл көрсеткіштен асып, рекорд орнататына сенімді. Олар әр гектардан 15 центнер астық алып отыр. Күн сайын элеваторларға жүздеген мың тонна астық жеткізілуде. Жоғары көрсеткіштің сыры - тыңайтқыш пен техника дейді мамандар. Аймақ шаруалалы тыңайтқыш қолдануды үш есеге арттырыпты. Сондай-ақ 1400-ден аса жаңа техника сатып алынған.
Дулат Сердалі, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Егін жинау науқанына 7 мыңнан астам астық жинау комбайндары қатысып отыр. 2,7 мың орақ, 4,8 мың жүк автокөліктері қатысуда. Фермерлер үшін Үкімет тарапынан 94 мың тоннандан астам жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Бағасы 254 теңгені құрайды. Жаңа егінді қабылдауға 66 элеватор қатысады.