Ақмола облысында 5 мың адамның құқығы қорғалды

Биыл Ақмола облысында 5 мың адамның құқығы қорғалды. Олардың ішінде кәсіпкерлер де бар. Тұрғындар субсидия және тиісті жер телімін ала алмау, әлеуметтік жәрдемақыдан қағылу сияқты мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментіне шағым түсірді. Құзырлы орган өкілдері азаматтардың уәжін тыңдап, көбінің талап арызы шешімін тапты. 179 шаруаға 418 млн теңге субсидия төленетін болды. Атаулы әлеуметтік жәрдемақыны уақытында алмағандардың да құқығы қорғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды 24KZ.

Нұрсұлтан Шытырымбек, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:

– Департаменттің ден қою шараларының нәтижесінде 1 329 жәрдемақы алушы алдындағы 130 млн теңгеден астам берешек өтелді. Екі жолаушы тасымалдаушыға 160 млн теңгеден астам субсидия төленді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау нәтижесінде 44 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 56 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз: