Биыл Қазақстан мен Италия арасындағы сауда айналымы $20 млрд-қа жетті

Қазақстан мен Италия арасындағы алыс-беріс былтыр 20 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды 24kz.

Биылғы 8 айдағы көрсеткіш 11,3 миллиард доллар болды. Бұл бағыттағы қарым-қатынасымыз ойдағыдай дамып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла осылай деп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекеттер басшылары екі елдің мүддесіне сай жаңа инвестициялық жобаларды қарастыратынын айтты. Әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі салаларына баса назар аударатынын жеткізді.